Внуководағы ұшақ апатында Total мұнай компаниясының президенті қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Внуководағы ұшақ апатында Total мұнай компаниясының президенті қаза тапты

Внуководағы ұшақ апатында Total мұнай компаниясының президенті қаза тапты

Францияның Total энергетикалық компаниясының Президенті Кристоф де Маржери (Christophe de Margerie) Мәскеудегі «Внуково» әуежайында апатқа ұшыраған Falcon-50 ұшағында қаза тапты, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА. 

  • 21 Қазан 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz


Total басшысымен бірге ұшақтың 3 экипаж мүшесі, олар: Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Никон Яннь Жак Жозеф мерт болды. Құтқарушылар төрт адамның мәйітін тапты.

Ескерте кетейік, Мәскеудегі Внуково әуежайында «Falcon» жеке ұшағы қар жинаушы көлікке соғылып, апатқа ұшыраған болатын. Бұған дейін БАҚ-та апат салдарынан 5 адам қаза тапқаны жарияланған. Оның 4-уі ұшақ бортындағылар болса, біреуі көлік жүргізушісі.