Онда XIII ғасырдан бастап, біздің заманымызға дейінгі ұлттық қолөнер бұйымдары көрермен назарына ұсынылған. Құнды дүниелердің барлығы да Берік Әлібайдың жеке коллекциясынанан алынды. Ол мұралар зергердің әкеден балаға жалғасып келе жатқан аманаттары.
Көрмедегі заттардың ішінде асыл тастармен безендірілген: сақина, білезік, түйме, сәукеле секілді әйел адамдардың бұйымдары ерекше көз тартады.
Сонымен қатар, көрмеде көне қару түрлері мен ескі қару-жарақтар да бар.
Көрмені тамашалауға барған жан әр ғасырда жасалған ертоқым, киіз үйдің ішкі жабдықтары мен ұлттық киімдерді көре алады.
Желтоқсан айына дейін жалғасатын бұл мәдени шарада Берік Әлібайдың қолынан шыққан қазақ мәдениетінің ерекше зергерлік үлгісіне куә болуға болады. Құнды дүниелер бұған дейін Қытай, Сауд Арабиясы, Жапония, Иран мен Ресейде, Қатар, Түркия, Францияда көрсетілген. Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Карл Фаберже Халықаралық наградасының өкілдері Берік Әлібайға зергерлер арасындағы ең дәрежелі құрмет орденін табыс еткен болатын.








