Елордада атақты әнші әрі сазгер Мұхит Мералыұлына арналған ән кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада атақты әнші әрі сазгер Мұхит Мералыұлына арналған ән кеші өтеді

Елордада атақты әнші әрі сазгер Мұхит Мералыұлына арналған ән кеші өтеді

  23 қазан   күні  «Астана» ұлттық сурет галереясы ғимаратында «Салмасам Айнамкөзге ән болмайды» атты  атақты әнші, сал-сері, сазгер Мұхит Мералыұлына арналған  ән-күй кеші өтеді.

  • 21 Қазан 2014
  • 748
Фото - Caravan.kz

Кеште Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі және Халық ән бөлімінің әншілері:       ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, Қазақстан «Жастар» одағы сыйлығының иегері Нұрай Танабаев, республикалық және халықаралық  конкурстардың лауреаттары Айзада Қазбекова, Үміт Саттарова, Жалғас Сұлтанов, Рахат Бегасылов  және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетеді, деп хабарлады Астана қаласының мемлекеттік филармониясынан.

Бағдарламада Мұхит Мералыұлының «Бейнем-ау», «Үлкен айдай», «Алуаш», «Зәуреш», «Айнамкөз», «Көкжар» әндері,  сонымен қатар домбыраға арналған халыққа белгілі әндер шырқалады.


Перейти к новостям спорта