Парижде паранжі киген опера көрермені залдан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде паранжі киген опера көрермені залдан қуылды

Парижде паранжі киген опера көрермені залдан қуылды

Париждегі Гранд-опера театрының әкімшілігі кейбір әртістердің талап етуімен паранжі киген әйелдің залдан кетуін сұраған. Оларға оның киімі ұнамаған, деп жазады «Росбалт». 

  • 21 Қазан 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz


3 қазанда сахналанған «Травиатаның» екінші акті кезінде бірінші қатарда паранжі киіп, бетін де бүркеп алған әйелдің отырғанын хабарлаған «Франс Пресс» агенттігінің ақпаратын Опера театры директорының орынбасары Жан Филипп Тьеле растады.

Оның айтуынша, тіпті, бірнеше әртіс «ерекше» көрермен алдында ән айтқысы келмейтінін білдірген.

Антракт кезінде полиция қызметкері әйел мен оның серігіне (олар араб елінен келген туристер болып шықты) әйелдің не бетін ашуы керектігін, болмаса ғимараттан кетуі керек екенін айтқан. Содан кейін ерлі-зайыптылар театрдан кетіп қалған.

2011 жылы Францияда қоғамдық орындарда бетін бүркеп жүретін киім киюге болмайды деген заң қабылданған болатын. Ол үшін 150 еуро мөлшерінде айыппұл жазылған.