ОАР Эболадан қауіптеніп, 2015 жылғы Африка ұлттары кубогін өткізуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОАР Эболадан қауіптеніп, 2015 жылғы Африка ұлттары кубогін өткізуден бас тартты

ОАР Эболадан қауіптеніп, 2015 жылғы Африка ұлттары кубогін өткізуден бас тартты

ОАР Эбола вирусын жұқтырудан қауіптеніп, елде 2015 жылғы Африка ұлттары кубогін  өткізуден бас тартты.

  • 21 Қазан 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Африка ұлттарының кубогі біздің елде өткізілмейді», — деп мәлімдеді ОАР спорт министрі Фикил Мбалула.

Спорт бәсекесін ауыстыру туралы мәселе Марокко билігі Африка футболы конфедерациясынан турнирді вирустың тарау қаупіне байланысты кейінгі қалдыруды сұрағаннан кейін көтерілді. АФК бұған дейін Кубоктің ешқашан ауыстырылмағанын айтып, Марокконың орнына басқа ел іздей бастады. Негізінен сұраныс ОАР мен Гана Республикасына жолданды.

«Біздің бюджеттің 2015 жылғы чемпионатты өткізуге әлеуеті жетпейді. Бұл мүмкін емес», — деді Мбалула.


Сонымен бірге, министр былай деп қосты: «Алдымызда Эболамен күресу міндеті тұр. Бізде оған қарсы иммунитет жоқ».

Африка ұлттарының финалдық бөлігі 2015 жылдың 17 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтуі тиіс еді.