«Бағаның төмендеуі (мұнай бағасы мен Ресей рублінің әлсіреуі) алаңдауға негіз болары анық. Бірақ, бұл ақпан айында қабылданған шешімге ықпал ететіндей жағдай емес. Яғни, біз әлемдегі барлық өзгерістерді ескере отырып, бағамның 170-188 аралығында болғаны дұрыс деп ойлаймыз», — деді ол сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Мұнай бағасының төмендеуі, Ресей рублінің құнсыздануы халық арасында «қайтадан девальвация» болады деген үрей тудырып отыр. Жағдайды қасақана ушықтыру әр адамның және әрбір сарапшының жеке жауапкершілігіндегі нәрсе», — деді ол.
Бас банкирдің айтуынша, алаңдауға ешқандай негіз жоқ.