«ҚазМұнайГаз» компаниясының жанармай бекеттері бензинді шектеусіз сата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» компаниясының жанармай бекеттері бензинді шектеусіз сата бастады

«ҚазМұнайГаз» компаниясының жанармай бекеттері бензинді шектеусіз сата бастады

Қазанның жиырмасынан бастап «ҚазМұнайГаз» компаниясының жанармай станциялары АИ-92, АИ-95 маркалы бензин

  • 21 Қазан 2014
  • 798
Фото - Caravan.kz

мен дизель отынын бөлшек саудада ешбір шектеусіз сата бастады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» — өңдеу және маркетинг» (ҚМГ-ӨМ) АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚМГ-ӨМ компаниясының еншілесі – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қазан айында Қазақстанға 106,7 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу туралы келісім бекітті. Оның ішінде 87,2 мың тонна бензин Ресейден әкелінді.

Ресей мен өзге елдердегі мұнай өңдеу зауыттарынан тәулігіне 2,8-3,0 мың тонна АИ-92 бензині жөнелтіліп жатыр.


Сонымен қатар, еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемі едәуір арттырылды. Атап айтсақ, қаңтар-қыркүйек аралығында отандық зауыттар 10,993 млн тонна мұнай өңдеген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,4% артық.