Азиада-2011 дирекциясының лауазымды қызметкері бес жыл алты айға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада-2011 дирекциясының лауазымды қызметкері бес жыл алты айға сотталды

Азиада-2011 дирекциясының лауазымды қызметкері бес жыл алты айға сотталды

Алматының Медеу аудандық соты 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ бұрынғы басқарма бастығы Айдар Мусинге жаза кесті.

  • 21 Қазан 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Сот А.Мусиннің мүлкін тәркілеп, өзін 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Сонымен қатар, сот оның төрт жыл бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына тыйым салды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, А.Мусин алаяқтық, заңсыз жолмен алынған қаражат пен мүлікті заңдастырды, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысты деп танылды.