Бұл туралы үкіметтің сейсенбідегі отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, шілде-қыркүйек аралығында елімізге 68 мың тонна АИ-92 бензині жеткізілген.
В.Школьник өзі жетекшілік ететін ведомствоның ішкі рынокты тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлегенін алға тартты. Жоспарға мұнай өнімдерін алатын елдер тізімін кеңейтіп, дизель отынының қосымша қорын құру, мқнай өнімдерінің заңсыз айналымын қатаң бақылау сынды шаралар енген.
Энергетика министрлігі көліктегі қуат үнемдеу бағдарламасын әзірлемек.
«Энергетика министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп 2015 жылы көліктегі энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлейді», — деп Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин бүгін Астанада президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан автопаркі қорын жаңартуға, мұнай өнімдерін тұтыну мөлшерін азайтуға, қозғалтқыш көлемі шағын көліктер санын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ республикада экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Бұл шаралар қалалардың экология мәселесін шешуге салмақты үлес қосуға, жанар-жағармай материалдарымен қамту тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.