Алматы облысында түйнеме жұқтырды деген күдікпен 61 адам бақылауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында түйнеме жұқтырды деген күдікпен 61 адам бақылауға алынды

Алматы облысында түйнеме жұқтырды деген күдікпен 61 адам бақылауға алынды

Мал сою орындарынан алынған сынамалар бойынша түйнеме ауруы бар деген ақпарат расталған жоқ. Алайда Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында тиісті қызмет орындары алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

  • 21 Қазан 2014
  • 1119
Фото - Caravan.kz


Қаскелең қаласының ауруханасына 30 қыркүйек күні Жандосов ауылының екі тұрғыны түйнеме ауруына тән белгілермен түсті. Анықталғандай, 14 қыркүйек күні ауруханаға жатқызылғандар Үшқоңыр ауылдық округінің аумағында ірі мүйізді қараны союға қатысқан.

Аяғын сындырып алған сиыр сойылып, оның еті көршілерге сатылған. Етті 10 үй өзара бөліскен.

Қарасай ауданы тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің эпидемиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері 61 адамды бақылауға алды.

«Байланыс жасаған топ тексерілгеннен кейін елді мекенді карантинге жабудың қажеті жоқ деген шешім қабылданды. Оның үстіне ағымдағы жылдың 29 мамырында осы індетке қарсы малды егу жұмыстары жүргзілген. Арнайы зерттеулер жүргізу үшін ет пен басқа да биологиялық заттар тиісті орынға жіберілді», — деп түсіндірді ауданның эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі Айзада Жұмағұлова.

Облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша, сынамалар ауруды растамады. Сойылған малмен байланыста болғандар бақылауға алынды.