«Astana Ballet» Корей елінде «Әлем» қойылымын сахналайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Ballet» Корей елінде «Әлем» қойылымын сахналайды

«Astana Ballet» Корей елінде «Әлем» қойылымын сахналайды

25 қазанда «Astana Ballet» шығармашылық ұйымы Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында өнер көрсетеді.

  • 22 Қазан 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Әлемдік турненің ақтық концертінде корей көрермендеріне бір актілік «Әлем» балеті сахналады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.

Балет қойылымының авторы Ресейдің әйгілі хореографы Никита Дмитриевский, музыкасын Болат Гафаров пен Арманд Амар дайындаған.
Қойылым хореографиясында әлемдік өзекті тенденциялар мен қазақ биінің дәстүрлі нышандары үйлесім табады. Балет либреттосын қазақстандық ақын, сценарийші Бақыт Қайырбеков жазып, ал Қазақстанның бай мәдениетін көрсете білген визуалды тұжырымдаманы Леонид Басин әзірледі.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Astana Ballet» Еуропаның Париж, Вена, Мәскеу тәрізді айтулы қалаларына гастрольдік сапар шеккен еді. Жас ұжым өнерімен шетелдік көрермендерді тәнті етіп, әлемнің ірі театрларының қызығушылығын тудыруда.

Перейти к новостям спорта