17 жастағы қызға мұндай құрмет оның әйелдер мен қыздардың құқығын қорғаудағы қайсарлығы үшін берілгелі отыр. Юсуфзаи бүгін Торонто қаласында өтетін әйелдер құқығын қорғауға арналған конференцияға қатысады.
Алдын ала белгілі болған жоспар бойынша, жиынға Канада Премьер-министрі Стивен Харпер барады.
«Канаданың құрметті азаматы» — символикалық сыйлық, оны алған адамға Канаданың азаматтығы берілмейді және ол шетелдіктерге арналған. М.Юсуфзаиге дейін мұндай құрмет Нельсон Мандела мен Далай Лама XIV көрсетілген.