Сахаров атындағы сыйлықтың иегері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахаров атындағы сыйлықтың иегері анықталды

Сахаров атындағы сыйлықтың иегері анықталды

Еуропарламент 2014 жылғы Сахаров атындағы сыйлықты конголық гинеколог Денис Муквеге беретін болды, деп хабарлады ЕП баспасөз қызметінен. 

  • 22 Қазан 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz


Еуропарламент өкілі Мартин Шульцтің айтуынша, Президенттер конференциясы зорланған әйелдер құқығын қорғауда өз үлесін қосқан Демократиялық Конго Республикасының дәрігері Муквеге Дениске Сахаров атындағы сыйлықты беруді бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

Сыйлық 26 қараша күні Страсбуртегі Еуропарламенттің пленарлық отырысы кезінде тарту етіледі.

Сахаров сыйлығы адам құқығын қорғауда үлес қосқан жеке тұлға немесе ұйымға беріледі. Еуропарламент премиясының бірінші лауреаттары қатарында 1988 жылы Нельсон Мандела, Кеңес Одағы диссиденті Анатлоий Марченко бар.