Паралимпиада ойындарының алты дүркін жеңімпазы 5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Паралимпиада ойындарының алты дүркін жеңімпазы 5 жылға сотталды

Паралимпиада ойындарының алты дүркін жеңімпазы 5 жылға сотталды

Оңтүстік Африкадағы Претория қаласының соты өзінің құрбысы Рива Стенкампты өлтіргені үшін паралимпиадалық жеңіл атлетші Оскар Писториусты 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 

  • 22 Қазан 2014
  • 383
Фото - Caravan.kz

2013 жылғы 14 ақпанда түнде Писториус құрбысын ұры деп ойлап, жабық тұрған дәретхана есігіне бірнеше рет оқ атқан.

Сот сейсенбі күні Писториусқа қатысты іс бойынша оны біріншіден, заңсыз қару сақтап, оны қоғамдық орында қолданғаны үшін және екіншіден, абайсызда кісі өлтіргені үшін айыптады.

Айта кетейік, Оскар Писториус — паралипиада ойындарының алты дүркін чемпионы, ол кәдімгі спорттық жарыстарға (яғни, тек мүмкіндігі шектеулі жандар спортына ғана емес) да қатысқан.