Украина Қазақстанмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Қазақстанмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жоспарлауда

Украина Қазақстанмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жоспарлауда

Петр Порошенко Днепропетровск облысындағы М.К.Янгель атындағы «Южное» конструкциялық бюро  кәсіпорнына барды, деп хабарланды Украина Президентінің сайтында.

  • 22 Қазан 2014
  • 581
Фото - Caravan.kz

Украиндық мемлекеттік кәсіпорын зымыран-ғарыш техникасын шығарады. Қазір мұнда «Зенит», «Циклон», «Днепр», «Маяк» және басқа да зымыран тасығыштар әзірленуде. Конструкторлық бюро дайындаған жабдықтар өндірісін  «Южмаш» зауыты жүзеге асыруда.

Ғарыш саласын дамыту жағдайы, проблемасы, перспективасы талқыланған мәжілісте Украина президенті басқа мүдделі мемлекеттермен, атап айтқанда Қазақстан Республикасымен ғарыш саласындағы  ынтымақтастықтың келешегі туралы мәселені көтерді, делінген хабарламада.

Кәсіпорынның бас директоры Александр Дегтярев Украина президентіне аэроғарыш, қорғаныс-өнеркәсіптік және көліктік сала жобаларын ұсынды. Атап айтқанда, олар: «Теңіз старты» және «Жер үсті старты», «Циклон-4» украиндық-бразилиялық бірлескен жоба, «Антарес» орташа сыныпты зымыран-тасығыш әзірлемесі, «Сич» қашықтан зондтау спутнигінің өндірісі.