Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі қорытындыланды

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі қорытындыланды

Қызылордадағы  С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ән- бізді біріктірді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың Республикалық шығармашылық фестивалі болып өтті,  деп хабарлайды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметінен. 

  • 22 Қазан 2014
  • 504
Фото - Caravan.kz


Фестиваль Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы қаржыландырып отырған «Мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы аясында ұйымдастырылды. Фестивальдің  басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың әлеуетін көрсету, шығармашылығын дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Өнер сайысы  «Вокал», «Би», «Музыкалық аспапта ойнау» сияқты үш номинациядан тұрды.

 Республикалық фестивальге 27 мүмкіндігі шектеулі жас қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Гран-При жүлдесі Ерлан Жұмабаевқа (Атырау қаласы) бұйырды. Вокал аталымында І орынды №5 көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатының оқушысы Д.Хабибуллева, ІІ орынды атыраулық Қ.Атолл, ІІІ орынды Байқоңыр қаласынан келген Э.Попова иеленді.  Би аталымы бойынша  І орынды №6 құлағы нашар еститін балалар мектеп-интернатының оқушылары «Жауқазын» бишілер тобы олжалады. ІІ орынды Психикалық-жүйке аурулары интернатынан Н.Төлебаева,  ІІІ орынды Шиелі ауданынан келген А.Абибулла  және Атырау қаласынан келген М.Артықовалар қанағат тұтты.  Музыкалық аспапта ойнау аталымы бойынша І орынды Атырау қаласынан келген «Жаса» вокалды-инструменталды ансамблі иеленсе,  ІІ орынды Байқоңыр қаласынан келген Ниязбаев Ғани жеңіп алды.