Ақтауда дәмханалардың біріндегі жастар төбелесі пышақтасумен аяқталды: 1 адам қаза тауып, 2-еуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда дәмханалардың біріндегі жастар төбелесі пышақтасумен аяқталды: 1 адам қаза тауып, 2-еуі жарақаттанды

Ақтауда дәмханалардың біріндегі жастар төбелесі пышақтасумен аяқталды: 1 адам қаза тауып, 2-еуі жарақаттанды

 Ақтауда жастар арасындағы жанжалдың соңы бір адамның өліміне, екі адамның жансақтау бөліміне түсуіне соқтырды, деп хабарлады ЛАДА.kz.

  • 22 Қазан 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz

Оқиға 21 қазанда облыс орталығының 23 шағынауданындағы дәмханалардың бірінде, таңғы бестер шамасында орын алды.

Құқық қорғау органының деректеріне сүйенсек, дәмханадағы екі топқа бөлінген жастар өзара келіспей қалып, арты жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан пышақ жарақатын алған Ақтаудың 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында ажал құшса, оның  27 және 29 жастағы достары ауыр жарақатпен облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Полицейлер оқыс оқиғаның ізін суытпай күдіктілердің бірін қолға түсіріп, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады. Тергеу жүргізілуде.