Атырауда жаңа туған сәбиін өлтірген әйел 4 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жаңа туған сәбиін өлтірген әйел 4 жылға сотталды

Атырауда жаңа туған сәбиін өлтірген әйел 4 жылға сотталды

Атырау облысы Сағыз ауылында сот жаңа туған сәбиін қоқыс төгілетін орға лақтырып кеткен әйелге қатысты үкім шығарды.

  • 22 Қазан 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz


«Қызылқоға аудандық сотының үкімімен Сағыз ауылының тұрғыны А.Мансұрова ҚР ҚК-нің 97-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 23 шілдесінде Сағыз ауылының тұрғындарының бірі — әйел адам ордан ішіне жаңа туылған сәби салынған полиэтилен пакетін тауып алған. Қыз бала ол кезде тірі болған. Оны ауруханаға жеткізіп, сол жерде кіндігін кескен. Алайда нәресте ауыр зақымдар алғаннан, облыстық перзентханада қаза болды. Көп ұзамай оның анасы 33 жастағы А.Мансұрова екені анықталды. Сот алдында ол өз кінәсін толықтай мойындады.