Қазақстан мен Жапония гибридті автомобильдер немесе электр мобильдерлі бірлесіп өндіруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Жапония гибридті автомобильдер немесе электр мобильдерлі бірлесіп өндіруі мүмкін

Қазақстан мен Жапония гибридті автомобильдер немесе электр мобильдерлі бірлесіп өндіруі мүмкін

Қазақстан мен Жапония гибридті автомобильдер немесе электр мобильдер өндіру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

  • 23 Қазан 2014
  • 846
Фото - Caravan.kz

«Бүгін айтылғандай, атом өнеркәсібінде, көлік құрастыруда ынтымақтастықты дамыту, нақты практикалық мысалдар бар, гибридті автомобильдер немесе толық электр мобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы бүгін ұсыныс айтылды», — деп үкімет басшысы бүгін Астанада қазақ-жапон үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы барысында атап көрсетті.

Оның пікірінше, бұл үшін үкімет тарапынан жеңілдік, ынталандыру қажет. «Әсет Орынтайұлы, сіз осы мәселені мұқият қарастырасыз деп ойлаймын, бізде ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер бар», — деп К.Мәсімов инвестиция және даму жөнінжегі министр Ә.Исекешевке сөзін арнады.