АҚШ ғалымы: Қазақстанға жел және күн энергетикасын дамыту жеңіл болады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ғалымы: Қазақстанға жел және күн энергетикасын дамыту жеңіл болады

АҚШ ғалымы: Қазақстанға жел және күн энергетикасын дамыту жеңіл болады

Қазақстанда жел және күн энергетикасын дамыту жеңіл болады. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуі аясындағы Хьюстон университеті жанындағы баламалы энергетика ғылыми-зерттеу институтының (АҚШ) директоры Алекс Игнатьев айтты.

  • 23 Қазан 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Менің ойымша, Қазақстанда жел және күн энергетикасын дамыту тиімдірек болады. Елдің шығысы мен батысы желді, ал оңтүстігінде күн қызуы жақсы», — деп тоқталды ол.

Оның пайымынша, баламалы энергетиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін зерттеулерді үздіксіз жүргізу керек. Баламалы энергия көздерін дамытудың жалғыз проблемасы оны жүзеге асырудың қымбатшылығымен байланысты.

«Қазіргі кезде қайта жаңаратын энергия көздері мұнай мен газға қарағанда қымбаттау. Қазақстан мұнай мен газды пайдаланады, алайда болашақта баламалы энергия көздерін барынша игереді деген ойдамын», — деді А. Игнатьев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылғы ЭКСПО бірінші кезекте Қазақстанның беделін арттыра түседі. Сонымен қатар көрме баламалы энергия көздері бойынша көрсетілген соңғы буынды технологияларды барынша игеруге мүмкіндік беретін болады.