-Мунхан стадионы қазақ спортшылары үшін олжалы орынға айналған сыңайлы. Жарыстың алғашқы күнінен бастап күнделікті қоржынды толтырып келе жатқан осы нысанда өнер көрсететін суға жүзушілеріміз. Олар медальдың барлық түрін олжалағаннан өзге Азия редордын үш мәрте жаңарта алды. Бүгінгі күн де тосын сыйға толы.
Бәс тігіп отырған спортшымыз Зульфия Ғабидулина іріктеу сынында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай мәреге бірінші боп жетті. Эстафета бойынша алтын мен қола да біздің қоржында. Ал көру қабілеті нашар жандар сынға түсетін жүз метрлік жарыста Әнуар Ахметов қарсылар шақ келтірер емес. Отандасымыз алтыннан алқа тығынып қоймай, Азия рекордын үш секундқа жаңартты. Алдыңғы рекорд та осы Ахметовтың еншісінде екенін айта кетейік. Ал оның ізін ала тағы бір қазақстандық Андрей Афанасьев келгендіктен, қос туымыз бірге көтерілді.
Әнуар Ахметов, cуға жүзуден XI Паразиада чемпионы:
-Мен осы мақсатқа талпындым. Таңертенгі нәтиже нашарлау болды. Бірақ финалдағы көрсеткіш мені қуантты. Жеңісті жоспарлап отырғанымызбен, өзім қуаныштымын. Ойын рекорды да жаңарды.
Ал жарысты жақсы қарқынмен бастаған волейболшыларымыз соңғы үш ойында сылбыр өнер көрсетіп, жүлдесіз қалды. Дегенмен жалпы командалық нәтиже көңіл қуантарлық.
Дархан Қалетаев, ҚР Паралимпиада комитетінің президенті:
-Құрамның бүгінгі нәтижесіне өте ризамын. Өздеріңіз көрдіңіздер он алты медальға қолымыз жетті. Әрине алдыда әлі екі күн бар. Әлі медальдар болады деген сенімдемін. Мен өзім ойлаймын, бұл үлкен жетістік.
Өкінішке орай білектің күші сыналатын дүбірлі додаларда алдына жан салмайтын спортшыларымыздың жолы болмады. Пауэрлифтингтен спортшыларымыз төртінші орыннан әріге аса алған жоқ. Бірі салмаққа тым жоғары тапсырыс берсе, екіншілерінен қарсыластары әлдеқайда мықтырақ болды.
Ал жеңіл атлетикадан сынға түскен Аманат Қалқаев қола алды. Оның 400 метрге жүгіргенін айта кетейік. Жарыстың бесінші күнінде Қазақстан құрамасы алты алтын, алты күміс және сегіз қола жүлде алып, он бірінші орынға көтерілді. Алда жарыстың соңғы күні қалды.