-Ол мені бетімнен ұрып еді, ернім қанады. Тағы төпеп ұрды. Ақша бер дейді. Мен: «ақша жоқ, міне, қолымыздағы барымыз осы» деймін. Сонда да болмайды.
Қаскөйлер зейнеткерлерді ұрып болған соң скотчпен матап тастаған. Бірақ олар көпке ұзай алмады. Әйел тізгіндеген күдікті көлік жолдағы бақылау камераларына түсіп қалған екен. Еркектер қылмысты ұйымдастырған әйел екенін бірден жайып салды. Зейнеткерлердің үйінің жанынан көлігімен жиі өтетін таксиші келіншек олардың қораларындағы малдың көптігін көріп, бай екен деп ойлапты. Ал сыбайластарына тауып берген қаруды ол өзімен ұдайы бірге алып жүретін болған. Қазір әйел үй қамауына алынып, қалған үшеуі темір торға тоғытылды.