Ата-аналар мектепке ай сайын 15 мың теңгеден өткізетіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-аналар мектепке  ай сайын 15 мың теңгеден өткізетіні анықталды

Ата-аналар мектепке ай сайын 15 мың теңгеден өткізетіні анықталды

Мектеп кассаға айналған! Бүгін Алматыда қоғамдық бірлестіктердің өкілдері орта мектептердегі «көлденең табыс» мөлшерін жария етті. Олардың есебінше, бір ғана білім ұясы керек-жарағына деп ата-аналардан ай сайын ең азы 15 мың теңгеден алады екен.

  • 24 Қазан 2014
  • 265
Фото - Caravan.kz


Сағынғали Елкеев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мектептің жөндеуіне, кітапқа   сұрайды. Мұғалімдерге сұрайды. Классқа пластикалық терезе қою үшін ақша жинадық.

Сағынғали – мектептің сансыз «салығынан» мезі болған ата-аналардың бірі. Оның ұлы Алматыдағы №123 орта мектептің оқушысы екен. Айтуынша, сыныбының бөлмесінің тозығы шыққан есік-терезесі, тіпті, күзетіне дейін ата-аналар ақша төлеуге мәжбүр. «Тек Сағынғали ғана емес,150 нөмірлі сенім телефонына қоңырау соққан 500-ге жуық ата-ана да осы мағынада шағымданды» дейді қоғам белсенділері. Айлығы шайлығына әрең жетіп отырған жұрт білім ордаларының бітпейтін «жиын-терімінен» әбден шаршағанын айтқан. Сенім телефоны қараша айының соңына дейін шағымдарды қабылдайды. Ал ондағы мектеп директорларын әшкерелейтін материалдар тікелей Білім және ғылым министрінің өзіне жолданбақ.