Ақтөбе облысында әкімнің інілері ауылдастарының шабындығын шауып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында әкімнің інілері ауылдастарының шабындығын шауып алған

Ақтөбе облысында әкімнің інілері ауылдастарының шабындығын шауып алған

Шөптен шыққан шатақ! Ақтөбе облысында әкімнің бауырлары ауылдастарының шабындығын шауып алған. Інілерінің өктемдігін айтып, араша сұрай барған тұрғынға Құмтоғай ауылының басшысы құлақ аспапты. Теңдік таппаған шаруаның енді әкімдік алдында көз жасын сығудан басқа амалы жоқ. Әкіміне дейін озбыр деп айыпталған Ырғыздағы ауылға Жаңалық Ахаш барып келді.

  • 24 Қазан 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz

-Туған інілерім шауып алған береміз деді. Байқамай түсіп кеттік деді.

-Сізге өктемдік көрсетті ма әкімдік лауазымын пайдаланып?

-Не істедім?

— Сөйтті. Пайдаланды.

Әкімнен қысым көрдім деген мына апталдай азамат көз жасын құрғата алмай отыр. Айтыуынша, жазда шабындығындағы шөпті Ырғыз ауданына қарасты Құмтоғай ауылы әкімінің туыстары шауып алыпты. Қысқы мал азығынан айрылған Мәлік Дәулетов мұны шенеуніктің өзіне бірнеше мәрте айтқан. Бірақ ол еш құлақ аспай қойды дейді шаруа.

Мәлік Дәулетов, Құмтоғай ауылының тұрғыны:

-Тыңдаған жоқ. Үш рет айттым. Қолдаған жоқ. Одан кейін аудан әкімінен Қызбергенов деген азамат келіп еді, онда да інілерін шақырып алып ашып айтқан жоқ.

Ауыл әкімі Еркін Жүсіпов болса бауырларының заңсыз қылығын жақсы біледі. Бірақ інілерін шаруаның жерін шатастарып алды деп ақтап отыр. Шабылған шөпті қайтарып бермек болғанда, кері алмай қойды,- деп тұрғынның өзін кінәлайды.


Еркін Жүсіпов, Құмтоғай ауылдық аймағының әкімі:

-Ағалық ниетпен айттым. Мойындады. Бұл кісі сотқа берді . полиция қылмыстың ізі жоқ азаматтық жолмен шешіңдер деді. Азаматтық жолмен шешіледі деп туған ағасына Қайратқа барды менің інім. Барып еді мен тек  сотпен аламын сенің шөбіңді деді.

Шаруа қожалығының иесі Мәліктің айтуынша, әкімнің бауырлары алты жүз бума шөпті өздері иемденіп кетіпті. Бірақ бұл есеппен шенеуніктің туыстары келіспейді. Алғанымыз 150 бума шөп деп, соны ғана үш айдан соң әрең қайтарған. Енді амалы таусылған шаруа сотқа жүгінбекші.