Қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласының «Рахат» шағынауданында бірнеше күн бұрын орын алған. ІІБ кезекші бөліміне шатырдан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түседі.
Тексеру барысында биіктен құлауын дәлелдейтін көптеген дене жарақаттары бар әйелдің мүрдесі табылды.
Қаза тапқан әйелдің кім екені анықталды. Ол 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Алдын ала деректер бойынша әйел өз-өзіне қол салған. Қазір бұл оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде. Әйелді осы қадамға не нәрсе итермелегені анықталуда.