Журналистермен өткен кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетова 24 қазаннан бастап, жеке кәсіпкерлер сұйытылған газды «Қазақ газ өңдеу зауытына» өздері барып, кезекке тұру арқылы ғана алатынын хабарлады. Ш.Лазарқызының айтуынша, көгілдір отынға деген сұраныстың көлемі ай сайын артып барады. Нарық бәсекесін ескере отырып жасалған келісім газ бағасының бірқалыпты болуына зор ықпалын тигізеді.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы штабтың көмегіне жүгінген кәсіпкерлер бірлескен шешімге баса мән беріп, бағаны бірқалыпты ұстауға уәде берді.