Астанада Қазақстанның сән апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстанның сән апталығы басталды

Астанада Қазақстанның сән апталығы басталды

Астанадағы Пекин-Палас қонақ үйінде қазақстандық прет-а-порте сән аптасы басталды. Екі күн ішінде Астана тұрғындары мен қонақтары Aida KaumeNOVA, Ainur Turisbek, Alex Chzhen, Aya Bapani, Kamila Kurbani, LaRiya және Tamara Lamanukaeva сынды дизайнерлердің қолынан шыққан киім үлгілерін тамашалай алады. 

  • 24 Қазан 2014
  • 639
Фото - Caravan.kz


«Біз, Астанаға келгенімізге өте қуаныштымыз. Мен бұны Қазақстан сән апталығын (Kazakhstan Fashion Week) ұйымдастыруышылардың атынан айтып тұрмын. Біз үшін бұл өте маңызды шара, сондықтан барлық дизайнерлердің еңбектері сіздердің тараптарыңыздан тиісінше бағаланады деп үміттенеміз»,- деді Kazakhstan Fashion Week-тің пиар-директоры Ботагөз Алдоңғарова шараның салтанатты ашылуына орайластырылған брифинг барысында.

Оның айтуынша, Kazakhstan Fashion Week құрылған 10 жыл ішінде бірөатар жетісьіктерге жетті.

«Осы жылдар аралығында біз шынымен де халыққа қажетті жобаға айналдық деп айтуға болады. Өйткені, сән әлемі тек дизайнерлердің ғана емес, жалпы халықтың да әлемге деген көзқарасын өзгертіп, елімізде мәдениеттің қалай дамып жатқанын паш етеді», — деді Б. Алдоңғарова.

Айта кетейік, Kazakhstan Fashion Week бұл шараны Қазақстанның онкологтары мен радиологтары қоғамымен және дүниежүзіндегі көшбасшы фармацевтикалық компаниялардың бірі Sanofi-мен бірлесе отырып, әлем әйелдері көп шалдығатын омырау обырына қарсы халықаралық қозғалысқа арнап отыр. 
неделя моды

неделя моды

неделя моды

неделя моды

неделя моды

неделя моды

неделя моды

неделя моды

Перейти к новостям спорта