Қарағандыда тұңғыш қазақ тіліндегі журнал жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тұңғыш қазақ тіліндегі журнал жарық көрді

Қарағандыда тұңғыш қазақ тіліндегі журнал жарық көрді

Қарағанды қаласында аймақтық ақпараттық-ойын сауық «ҚаJet» журналы ашылды. Оны шығарушылар журнал арқылы ақша табуды көздейді. Журналдың негізгі мақсаты еліміздің мақтаныштарын, мәдениет саласындағы, ән әлеміндегі, поэзия мен театр сахнасындағы таланттарды насихаттау. 

  • 24 Қазан 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, қазыналы Қарағанды өлкесінің айбынын асқақтатып жүрген жерлестеріміздің есімін елімізге таныстыру. Журналда танымдық, ақпараттық материалдар жарияланып отырады.

«ҚаJet» журналының тұрақты айдарларында «Шахтер» ФК клубы ойыншысымен, Республикамызға танымал әншілермен, театр актерімен сұхбаттар, «Арқа Аруы» фотобайқауы, «Қарағанды қалжындары», «Интер-бет», «Жаңа кітап», «Бір әлем…», спорт, т.б. тақырыпта қызықты мағлұматтар жарық көрмек. Таралымы — 3000 дана. Бұл — Таза қазақ тілінде жарық көретін тұңғыш қарағандылық журнал.

Журналдың тұсаукесері қазанның 23-і күні өтті. Тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары Роза Әлқожа, Сейіл Аяғанов, Сержан Мұсайын сынды әншілер және танымал зиялы қауым өкілдері қатысты.