Куба елінен келген 161 келі тартатын 29 жастағы Оскар Рене Видал Брайсон жарыстың ең ауыр палуаны атанды. Ал «Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың салмағы 145 келі болса, «Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров 142 келі тартты. Басқа қазақстандық Асыл Бәрменов — 105, ал Руслан Әбдіразақ 118 келі болды.
Айта кетейік, дүбірлі додада тек салмағы 90 келіден асатын түйе палуандар ғана өзара бәсекеге түседі. Алты құрлықтан келген спортшылар жүлде қоры 100 мың АҚШ доллар болатын алтын белбеуге таласады. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 150 мың АҚШ доллары.
25 қазанда «Әлем Барысы» турнирін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 12:00-де көрсетеді, деп хабарлайды kazsport.kz.