ЕО жоғары лауазымды шенеунігі алдында баспасөз мәслихатында атап өткендей, онда украиналық дағдарыс, Таяу Шығыстағы жағдай және Африкадағы Эбола безгегінің эпидемиясы жайы қозғалмақ.
Бұл кездесуде ЕО-тың Ресейге қатысты санкциялары бойынша шешім қабылданбайды. Украина шығысындағы жағдайды бағалау 28 қазан күні жиналатын ЕО тұрақты өкілдерінің комитетіне тапсырылған.
Еурокомиссияның кетейін деп жатқан басшысы Жозе Мануэл Баррозу баяндама жасайды, пікірталасқа оның ізбасары Жан-Клод Юнкер және Еуропалық Орталық банктің басшысы Марио Драги қатыспақ.