2017 жылы Қазақстан Ұлттық қор қаржысын 1,7 есеге дейін арттырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы Қазақстан Ұлттық қор қаржысын 1,7 есеге дейін арттырмақ

2017 жылы Қазақстан Ұлттық қор қаржысын 1,7 есеге дейін арттырмақ

2017 жылы Қазақстан Ұлттық қордың қаржысын 121 млрд долларға дейін жеткізбек,

  • 24 Қазан 2014
  • 535
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов.

"Орташа мерзімде Ұлттық қордың қаржысын 2017 жылы 121 млрд долларға дейін арттыру көзделген, немесе ІЖӨ 36,2 пайызы", деді ол Астанада жұмада сенат депутаттарымен болған кездесуде.

2013 жылдың нәтижелері бойынша Ұлттық қордың активтері 70,544 млрд долларды құраған, бір жылдағы өскені 21,78%. Демек, 2017 жылы Ұлттық қор қаржысы 1,7 есеге артпақ.

М.Құсайынов атап өткендей, Ұлттық қорда мұнайдан түсетін ақшаны одан әрі жинақтау және ол қаржының жұмсалуын шектеу көзделген.


"2015-2017 жылдарға кепілдік етілген трансферт көлемі Ұлттық қор басқармасы жөніндегі кеңестің шешімімен жыл сайын 1,702 трлн теңгеге дейін арттырылған".