Астана Қазақстанда БҰҰ өкілдері көбейіп, нәтижелі болады, деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Қазақстанда БҰҰ өкілдері көбейіп, нәтижелі болады, деген сенімде

Астана Қазақстанда БҰҰ өкілдері көбейіп, нәтижелі болады, деген сенімде

Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азияда қызметін кеңейте түсуін қолдайды, деп мәлімдеді республика сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

  • 24 Қазан 2014
  • 488
Фото - Caravan.kz

"Қазақстанда БҰҰ өкілдері көбейіп, нәтижелі болады, деп сенеміз. Алматы да БҰҰ-ның аймақтық қызметі үшін шын мәніндегі хаб бола алады деген сенімдеміз", деді ол жұмада Астанада "БҰҰ және Қазақстан: 2015 және одан кейінгі уақыт – болашаққа көзқарас" деген тақырыпта өткен стол басындағы әңгіме барысында.

Оның пікірінше, БҰҰ бұл аймақта белсенділік танытуға тиіс, өйткені дамуға байланысты себептер бар. "Әлемнің бұл бөлігіндегі елдер қиындықтарға кезігіп отыр, қауіпсіздік проблемалары орын алуда, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды ескеру керек", деді СІМ басшысы.

Сонымен қатар министр бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін Қазақстанның жасап отырған іс-қимылдарына БҰҰ қолдау білдіріп отырғандығына алғысын білдірді.


"24 қазан сайын БҰҰ күнін атап өтуге жиналғанда Қазақстан, Швецария, Моңғолия болсын, БҰҰ жарғысын орындауға, оның мақсаттарына, ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған идеялармен келіп, бірге жұмыс атқаратын боламыз", деді ол.