Бұл өткен жылы салаға салынған инвестициядан бір жарым есе көп, деп облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков хабарлады.
«Облыс экономикасының маңызды саласының бірі құрылыс саласы болып табылады. Тұрғын үй салуға 20,7 млрд теңге жұмсалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп», — деді ол жұма күні ОКҚ өткен брифингте.
Жыл басынан бері аймақта 260 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша өткен жылы 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2600-ге жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», — деді Н.Әбдібеков.
Қазіргі таңда аймақта 14 білім ошағын қайта қалпына келтіру және салу жұмыстары жүріп жатыр. Приозерск қаласында 400 орындық өнер және спорт мектебін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 7 білім нысанының ішінде 4 бала-бақша, 600 орындық мектеп, 200 шәкірт оқытатын және 100 орындық жатақханасы бар кәсіптік-техникалық лицей бар, дейді аймақ басшысы.
Қарағанды облысында 1,3 млн астам адам тұрады.