Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі атануға мүмкіндігі мол – СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі атануға мүмкіндігі мол – СІМ

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі атануға мүмкіндігі мол – СІМ

Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі атануға мүмкіндігі мол.

  • 24 Қазан 2014
  • 874
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев хабарлады.

«Қазақстан – аймақтағы елдер арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуға өтініш білдіріп отырған ең бірінші мемлекет», — деді ол. «Аймақтың ауқымы кең. Бұрын-соңды өтініш бермеген елдерге аталған органда дауыс беру құқығы берілуі тиіс», — деп есептейді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, Қауіпсіздік кеңесіндегі орын үшін күресте Қазақстанның тәжірибелі қарсыласы бар. Ол – Таиланд. «Бірақ, біз Қазақстанның аймақтық қана емес, ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесінің тиісінше бағалануы бағытында жұмыс істеп жатырмыз», — деп түсіндірді вице-министр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақсыз мүшесі 2016 жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясы барысында сайланады.