14 жүк көлігінен тұратын екі ұшақты тиеген колоннаны біреулер Ауғанстаннан бет алған қару-жарақ десе, енді бірі құпия қаруға балады. Елді дүрліктіріп жүрген кеденшілер тек бүгін істің барысын баяндады. Бақсақ бұл Ташкенттегі зауытта құрастырылып, Ресейдің Таганрог қаласына жөнелтілген ұшақтар екен. Жақын уақытта Каспийдегі Боутино порты арқылы көрші елге жіберілмек.