«Бұзақылар Салафиттерге қарсы!» Германияда футбол фанаттары қарсылық акциясын ұйымдастырды - ВВС - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бұзақылар Салафиттерге қарсы!» Германияда футбол фанаттары қарсылық акциясын ұйымдастырды - ВВС

«Бұзақылар Салафиттерге қарсы!» Германияда футбол фанаттары қарсылық акциясын ұйымдастырды - ВВС

Германияның Кельн қаласында жүздеген футбол жанкүйері ислам атын жамылған радикалдарға қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлады ВВС. 

  • 27 Қазан 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

Франс-Пресстің хабарлауынша, барлық Германия бойынша, 2 500 мыңдай адам «Бұзақылар Салафиттерге қарсы!» деген ұран астында топтасқан. Ал DPA агенттігінің хабарлауынша, футбол фанаттары «шетелдіктер шығыңдар!» деп ұрандап, жағдайды тіпті, ушықтырған. Олар полицияға тас атып, бөтелке лақтырған. Шерушілерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын қаруды қолданған, деп жазады ақпарат көзі.

«Ислам мемлекеті» содырларының Ирак пен Сириядағы қақтығыстарына байланысты қазан айының басында Германияда радикалды күрдтер Гамбург және басқа да қалаларда көшеде төбелес шығарған болатын.