Дубайға Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының делегаттары келуде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайға Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының делегаттары келуде

Дубайға Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының делегаттары келуде

Сейсенбі Дубайда әлемнің 100-ден астам елі өкілдерінің қатысумен 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өтеді.

  • 27 Қазан 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

Ауқымды шара Дубай әмірі шейх Мохаммед бин Рашид Аль Мактумның жеке қамқорлығымен өтіп, 2 мыңнан астам қатысушыны, соның ішінде жоғары шенді бірқатар басшылардың, белгілі сарапшы-экономистер мен бизнес жетекшілерінің  басын қосады.

Форумның негізгі тақырыбы «Экономикалық өсудегі инновациялық серіктестік» болып табылады. Форум «Мадинат Джумейра Дубай» көрікті кешенінде өтіп, үш күнге жалғасады.

«Біз Дубайға келген Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына келуші делегатардың бәріне қуаныштымыз. Кең ауқымды халықаралық жиын, әсіресе алдыңғы қатардағы әлемнің бірнеше мемлекетінің, экономикалық сарапшылар мен қызығушылық білдірген тараптардың келуі 10-шы ДИЭФ-ті инновациялық серіктестіктер үшін платформаға айналдырады», — деді Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Абдурахман Саиф Аль Гурейр.

10-форумға қатысады деп күтілетін құрметті қонақтар: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак, Бангладеш Президенті Мэриленд Абдул Хамит, Шығыс Тимордың Премьер-министрі Рэй Кала Хасана Гусмао, Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Сейшель аралдарының вице-президенті Дэнни Фор, Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Азим Ибрагим және Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли.РР