деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Президент Н.А. Назарбаевтың Минскіде биыл 26-тамыз күні "Кеден одағы-Украина-Еуропалық одақ" саммитінде жасаған мәлімдемесіне орай қазіргі уақытта Украинаға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігі қаралуда", делінген дүйсенбіде сыртқы саяси ведомстводан таралған ақпаратта.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен өз ара ықпалдастық шеңберінде Қазақстан Украинада ЕҚЫҰ-ның арнайы мониторингтік миссиясының қызметін қолдау үшін 40 мың доллар бөлген, бұл миссия әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімдердің орындалуына басты назар аударып отыр.
"Бұл миссия сондай-ақ MH17 рейсімен ұшқан ұшақтың құлаған орнына тергеушілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуде позитивті роль атқарды және Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі Женевалық бірлескен мәлімдеме мен Берлиндік келісімнің орындалуына ықпал етті, делінген онда.