Үкіметтік емес ұйымдарға салықтық рақымшылық жариялау қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік емес ұйымдарға салықтық рақымшылық жариялау қажет

Үкіметтік емес ұйымдарға салықтық рақымшылық жариялау қажет

Үкіметтік емес ұйымдарға салықтық рақымшылық жариялау қажет. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте танымал заңгер, ҚР заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов білдірді.

  • 27 Қазан 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Таяуда Қазақстанда заңдастыруға байланысты рақымшылық жасалды. Заңгер ретіндегі менің көзқарасымша, 90-шы жылдардың басында және 2000 жылдары құрылған үкіметтік емес ұйымдарға да салықтық рақымшылық жасау қажет», — деді М.Бәшімов.

Оның пайымынша, сол кезеңдегі басты проблемалардың бірі — салық заңнамасын түсіну деңгейінің төмен болуы.

«Олардың басым бөлігі заңнаманы тіпті түсінбеді де. Олар салық декларациясын өткізде бір күнге кешігуі мүмкін. Ал оны салық органдары қарамайды және 100 мың теңге айыппұл жазып береді», — деді заңгер.