Алматыда Олимпиада чемпионы жастарды жігерлендірді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Алматыда Олимпиада чемпионы жастарды жігерлендірді

Алматыда Олимпиада чемпионы жастарды жігерлендірді

Бала жаман әдеттен алыс болуы тиіс! Алматыда осындай үндеуге негізделген «Аман келешек» атты тұңғыш балалар фестивалі өтті. Сенбілік мереке үлкенді-кішілердің бірлесіп, таңғы жаттығуымен басталды.

  • 28 Қазан 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz

Осыдан кейін ортаға байкерлер мен велошабандоздар шеруі шықты. Барлығы жас та болсын түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орын алған спортшылар. Сондай-ақ, кино, цирк, қуыршақ театры, ән-би ұжымдары да өнер көрсетті. Фестиваль аясында, түрлі шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған. Айта кетсек, «Аман келешек» фестивалі Тұңғыш Президент қорының бастамасымен өткізіліп отыр. Мақсаты – балаларды оқумен қатар жақсы әдетке баулып, түрлі үйірмелерге қатысуға шақыру.


Ольга Шишигина, Мәжіліс депутаты:

-Әр баланың бойында бір өнер болады. Соны жастайынан жетілдіріп,  үйірмелерге бару керек. Кім біледі, осы отырған жастардың арасында келешекте үздік споршылар, жұлдыздар, қоғам қайраткерлері бар шығар.