Өскеменде жаңадан салынған үй қираудың алдында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жаңадан салынған үй қираудың алдында тұр

Өскеменде жаңадан салынған үй қираудың алдында тұр

Өскеменде бүтін бір ықшамауданның үйлері қираудың алдында тұр. Мемлекеттік бағдарламамен жаңадан салынған баспаналардың сапасы туралы сөз қозғаудың өзі артық. Шатырынан су сорғалап, шытынаған қабырғалардан суық ұрып тұр. Суық түскелі тіптен мазалары қашған тұрғындар бүгін ақыры наразылық білдірді.

  • 28 Қазан 2014
  • 234
Фото - Caravan.kz

Бас көтеріп, базынасын айтуға жиналған Өскеменнің іргесінде 4 жыл бұрын тұрғызылған ықшамаудан тұрғындары. Мемлекеттік бағдарламамен үй алған олардың құрылыс сапасына көңілдері толмайды. Жаңа қонысқа келгелі көргеніміз жөндеу жұмыстары дейді жұрт. Өйткені жаңа үйлердің шатыры жүрдім-бардым жабылып,сырты шала-шарпы қапталған.

-Шықтым, қарадым. Келе жатып, бір уақытта аяғыммен басып қалып едім, төмен түсіп кеттім. Қарасам шифоньер. Сөйтсем, өз үйіме түсіп кетіппін.

Баспалдаққа төселген кафель әлдеқашан түсіп қалған. Ал кәріз жүйесін тұрғындар өздері жөндепті. Сыланбаған қабырғаға арзан тұсқағаз жабыстырып, бөлмелердің арасы гипсокартонмен бөлген. Үй осындай сапасыз болса да, жұрт аз ақша төлеп отырған жоқ.

Әлия Ахметова, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Біздің 5 миллион төлеп отырған ақшамыз, пайызымен қосып, бізді мазақ қылып тұр. Жарық пен несиенің ақшасын төлеп жатырмыз. Сонда біз немен күн көруіміз керек?

Мұнда жылу батареясыныңорнында электр жылытқыштар тұр. Сол үшін әр пәтердің иесі айына жарыққа 50 мың теңге дейін төлейді екен.Ал қақыраған қабырғадан жел улейді. Күн суығалы бері адам сияқты отырудан қалдық дейді тұрғындар. Төбеден су тамып қабырғалар да көгеріп кеткен. Атқамінерлер болса, әдеттегідей шара қолданып жатырмыз деп ақталды.


Руфат Акрамов, Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

-Біз қазір шатырларды жауып жатырмыз. Келесі кезекте терезелерді жөндейміз. Кей жерлерінің резеңкелерін тартып, көбікпен бекітеміз.

Ықшамауданда негізінен мұғалімдер, дәрігерлер мен әскерилер тұрады. Бірақ бәрі мемлекет тарапынан жасалған қамқорлыққа разы болмай отыр. Тіпті мұндағы жолдың сиқы мынау. Қалың қар түссе, оқушылырдың да мектепке қатынауы қияметке айналғалы тұр.