GIFA сыйлығы әлемдік және аймақтық деңгейде исламдық банкинг пен қаржыландыруды дамытудағы маңызды жетістіктері үшін беріледі. Осыған дейін бұл сыйлыққа 2011 жылы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Тан Абдулла Бадави, 2012 жылы Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Разак пен 2013 жылы Пәкістанның бұрынғы Премьер-Министрі Шаукат Азиз ие болған еді.
Марапаттау салтанаты БАӘ Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің басшысы шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтумның қатысуымен «Мадинат Джумейра» кешенінде өтті, деп хабарлады "ҚазАқпарат" тілшісі.
