Аида Жантілеуова тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аида Жантілеуова тұрмысқа шықты

Аида Жантілеуова тұрмысқа шықты

Танымал қазақстандық актриса және тележүргізуші Аида Жантілеуова тұрмысқа шықты. Бұл туралы оның Instagram-дағы парақшасында хабарланған.

  • 29 Қазан 2014
  • 959
Фото - Caravan.kz


Той 26 қазан күні болды. Айтулы салтанатының қай жерде болғанын және күйеу жігіттің есімін Аида құпия сақтап қалуды жөн көрген. Тек ол 12 қазанда өзінің туған қаласы Оралда ұзату тойының болғанын хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Аида Жантілеуова қазақстандықтарға «Хабар» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасы және танымал «Базарбаевтар» телехикаясы арқылы жақсы таныс.

2009 жылдан Аида Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін тәмамдаған. Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» қойылымында Әселдің рөлін сомдағаны үшін халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін» сыйлығын иеленді. Сондай-ақ ол Мұхтар Әуезовтың «Айқарагөз» спектаклінде ойнады. «А.И.» театрының продюсері, актрисасы әрі жетекшісі Айгүл Иманбаевамен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Кезінде «Іңкәр» тобының құрамында ән айтқан.

2

3

4
 
4

4  1