Имам Я.Исмаилов: Н.Назарбаев Ислам әлемінде жоғары марапатқа лайық - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имам Я.Исмаилов: Н.Назарбаев Ислам әлемінде жоғары марапатқа лайық

Имам Я.Исмаилов: Н.Назарбаев Ислам әлемінде жоғары марапатқа лайық

Дубайда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» (GIFA) премиясының берілуі барлық қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық болып табылады. Мұндай пікірді шейх Кунт Хаджи атындағы мешіттің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Яхияхаджи Исмаилов айтты.

  • 29 Қазан 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, аталған марапат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа аймақтық және халықаралық деңгейде исламдық қаржы нарығын алға жылжытып, дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

«Біздің Мемлекет басшысының Исламдық әлемде осындай жоғары марапатқа ие болғандығы қуантады және ол осы жоғары марапатқа лайық. Біз Премьер-министрлер, арабтардың мұрагер ханзадалары, исламдық қаржы орталықтарының елшілерінің қатарындағы бірнеше ғалымның ғана осы құрметті марапатқа ие болғанын білеміз», — деді Я.Исмаилов тілшімізге берген сұхбатында.

Ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бірінші болып посткеңестік кеңістікте Қазақстанда Исламдық қаржыландыруды жүзеге асыра бастағанын еске салды. «1997 жылы Ислам даму банкі Алматыда өз кеңсесін ашты. Ал 2009 жылы елде исламдық қаржыландыруға рұқсат беретін арнайы заң қабылданды. Тағы бір қоса кететіні, бұл жүйенің тағы бір артықшылығы: әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінен Исламдық банктер пайдамен шықты, ол осы жүйені Қазақстанда жүзеге асыруға мүмкіндік берді», — деп қосты имам.

«Сіздер білесіздер, біз үшін Мемлекет басшысы бастаушы, басқа сөзбен айтқанда Имам болып табылады. Және біз әрқашан оған бағынып, қолдау білдіруіміз керек, оның әрбір жетістіктеріне қуануымыз керек. Себебі оның бәрі біздің халқымыз бен еліміздің әл-ауқаты үшін жасалуда. Біз Президентіміз үшін тілек тілейміз, оған ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық, ел мен халыққа амандық-саулық тілейміз», — деп атап өтті Я.Исмаилов.