ҰҚК арнайы жасағының қызметкерімін деп ақша бопсалаған азамат құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК арнайы жасағының қызметкерімін деп ақша бопсалаған азамат құрықталды

ҰҚК арнайы жасағының қызметкерімін деп ақша бопсалаған азамат құрықталды

Алматы облысының Текелі қаласында өзін ҰҚК арнайы жасағының қызметкерімін деп таныстырып, ақша бопсалаған азамат құрықталды.

  • 29 Қазан 2014
  • 597
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзін ҰҚК арнайы жасағы қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ұялы телефонын тартып алып, қомақты көлемде ақша талап еткенін полицияға Текелі қаласының тұрғыны хабарлаған.

«Алматы облысы полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Ескелді ауданында тұратын 31 жастағы азаматтың қолындағы құқық қорғау мекемесінің куәлігі де жалған болып шықты», — делінген хабарламада.

Күдікті уақытша оқшаулағышқа тоғытылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.