Астана-Щучинск ақылы жолдан 2014 жылы1,3 млрд теңге пайда түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Щучинск ақылы жолдан 2014 жылы1,3 млрд теңге пайда түспек

Астана-Щучинск ақылы жолдан 2014 жылы1,3 млрд теңге пайда түспек

Биыл Астана-Щучинск ақылы жолдан 1 млрд 300 млн теңге табыс түсуі ықтимал,

  • 29 Қазан 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады инвестициялық және даму жөніндегі бірінші вице-министр Жеңіс Қасымбек.

"Бірінші және екінші санаттағы автомобиль жолдарын күтуге жұмсалатын қаржы тапшылығын азайту үшін біз республикалық жолдардың бір бөліктеріне ақы төлеуді енгізуді жоспарлаудамыз. Бірінші мысал Астана – Щучинск жолы. Биыл ол жерден жолға ақының төленуі есебінен1 млрд 200 млн — 1 млрд 300 млн теңге пайда алмақ ойымыз бар, бұл осы жолды толықтай нормативтерге сай күтуге мүмкіндік бермек", деді ол сәрсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында.

Болашақта республикалық жолдардағы телімдердің 30 пайызын ақылы негізгі көшіру жоспарланған, деді ол.


"Бұл Астана — Теміртау, Астана — Павлодар, Алматы –Қапшағай жолдары, онда трафик жоғары, ондағы жобалар өзін-өзі өтейді".

Бұрыннан белгілі, Астана-Щучинск жолының жүктемесі тым үлкен болғандықтан 2009 жылы ол алты жолаққа дейін кеңейтілді.

Аталмыш магистральды жолдың жалпы ұзындығы 224 шақырым, оны салуға шамамен 115 млрд теңге жұмсалды.