сонымен қатар жаңа 75 халықаралық әуе қатынасын ашпақ, деп хабарлады инвестициялық және даму жөніндегі бірінші вице-министр Жеңіс Қасымбек.
"2020 жылға қарай 61 әуе кемесі сатып алынбақ. Air Astana бойынша ұшақтардың орташа жасы — 6 жас, SCAT бойынша 15 жас болмақ", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Биыл Қазақстан 8 әуе кемесін сатып алды, оның ішінде 5 кемені — Air Astana, 2 кемені – Bek Air және 1 – SCAT, деді Ж.Қасымбек.
"Бұл мәселелердің шешілуі тұтас алғанда қазақстандық әуе компанияларының ұшу географиясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек".