«Біздің келіссөздердің басты тақырыбы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген. Осы орайда бүгінгі кездесу Мемлекет басшымыздың алдағы жылы сіздердің елдеріңізге сапарының мазмұнды әрі сапалы болуы тұрғысындағы дайындыққа негіз болады деген ойдамыз»,- деді Е. Ыдырысов.
Министрдің сөзіне қарағанда, Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрімен ерекше басымды салалар ретінде айқындалған бағыттар терең зерделенетін болады.
«Біздің елдер арасында қатынастарды нығайту үшін екі елдің жеке секторларын жұмылдыруға күш-жігерімізді біріктіруге келістік», — деді ол.
Осы орайда Е. Ыдырысов машина құрылысы, азық-түлік өнімдерін өңдеу, туризм, көлік пен инфрақұрылым салалары өзара іс-қимылдың болашағы бар салалар ретінде белгіленгенін жеткізді.
«Бұл бағыттар Мемлекет басшысының мазмұнды сапарын даярлауға арқау болады»,- деп түйді ведомство басшысы.