деп хабарлады Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.
"Әрине, рубль бағамының өзгеруі Ресей Федерациясы аумағына экспортталатын қазақстандық тауарларға теріс ықпал етеді. Қандай болған күнде де баға құрау есебі валютаға қатысты эквивалентте жүргізіледі. Бағамның өзгеруі қазақстандық өндірушілердің тауарды Ресейде сатуға деген қызығушылығына кері ықпал етеді", деді Р.Баталов Алматыда сәрсенбіде IV Орталық-азиялық саудалық форумда.
Ол атап өткендей, бизнестің валюта бағамына байланысты болуы қазақстандық шикізаттық өнімнің үлкен пайызының импортты болуында.
"Бүгін бір бағам, ертең басқа бағам болса, бағаның да өзгеретіндігі түсінікті. Бұл бизнес үшін өте жаман жәйт. Өйткені кез-келген өндіріс шикізаттың қалыптасуын керек етеді. Біз үшін тұрақты бағамның болғаны маңызды", деді ол.