Ақтөбеде букмекерлік конторадағы қызметші әйел өз ұрлығын біреулер тонап кетті деп көрсетпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде букмекерлік конторадағы қызметші әйел өз ұрлығын біреулер тонап кетті деп көрсетпек болған

Ақтөбеде букмекерлік конторадағы қызметші әйел өз ұрлығын біреулер тонап кетті деп көрсетпек болған

Ақтөбеде букмекерлік контораның қызметшісі ұтысқа тігілген көп ақшадан ұтылып қалған соң өз ұрлығын біреулер тонап кетті, деп көрсетпек болған.

  • 29 Қазан 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбіде облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратқа қарағанда, әйел полицияға біреулер контораны тонап кетті, деп хабарлаған.

Оның айтуынша, маска кигендер баса-көктеп кіріп, оған пышақ кезеп, кассадағы 400 мың теңгені алып кеткен.

Дегенмен, бейнекамералардағы жазбалар ешқандай шабуылдың болмағандығын көрсетті, ал әйелдің ұялы телефонынан оперативті қызметкерлер көңіл бөлуге тұрарлық смс-хабарламалар тапқан. Онда кассир әйел құрбысына көп ақша ұтылып қалғандықтан ақшаға аса зәру екендігін хабарлаған.

Қайталама сұраққа жауап беру кезінде әйел кінәсін мойнына алған.